Жаңалықтар

Халықаралық Аға сарапшылар қызметінің (SES) сарапшы-волонтері Юдо Гигерих КазГЮИУ-ге келді

Опубликовано 18.04.2019.

2019 жылдың 1-17 сәуірі аралығында КазГЮИУ-ге білім беру саласындағы басқару және цифрландыру саласындағы SES шетелдік сарапшысы Юдо Гигерих келді.

SES Германияның жетекші қоғамдық ұйымы болып табылады, ол қоғамдық негізде консультациялық қызмет көрсететін әр түрлі саладағы мамандарды біріктіреді, мамандар мен басшы қызметкерлерді кәсіби оқыту және қайта оқыту, сондай-ақ олардың ел ішінде және шетелде біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізеді

Юдо Гигерих-  Аға сарапшылар халықаралық қызметінің (SES) сарапшы-волонтері. Гессен қаласы(Германия) Білім министрлігіндегі өз қызметінің арқасында Юдо Гигерих жоғары оқу орындарындағы басқару және цифрландыру үдерісімен өте жақсы таныс. Бай кәсіби тәжірибесі бар, 1998 жылдан бастап Білім министрлігінде жұмыс істеді.

Өзінің тәжірибесі мен терең біліміне сүйене отырып, сарапшы біздің университет басшылығы үшін “Гессен білім министірлігіндегі цифрландыру үдерісі және КазГЮИУ үшін ұсыныстар/идеялар” тақырыбында семинар өткізді. Осы семинар барысында Юдо Гигерих Германияның білім беру саласында цифрландыруды енгізу тәжірибесімен бөлісті және әкімшілік үдерістер үшін құжат айналымын басқарудың электрондық жүйесінің басты мақсаттары мен артықшылықтарын анықтады.

Юдо Гигерих кетіп бара жатқанда біздің университетіміздің білім беру процесі жақсы ұйымдастырылған, ғылыми-зерттеу қызметі, білім берудің, инновацияның және сапа менеджментінің жақсы дамып жатқанын атап өтті.