Жаңалықтар

«Россия молодая» жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясы

Опубликовано 19.04.2019.

2019 жылдың 16-19 сәуір аралығында  Кузбас мемлекеттік техникалық университетінде “Россия молодая” жас ғалымдардың  ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Ғылыми-практикалық конференцияға «Информатика және математика» кафедрасының доктаранттары,магистранттары және студенттері қатысты.

«Информатика және математика» кафедрасының  бірінші курс магистранты Мұстафа Марат маңызды физиологиялық функцияларды имитациялауға мүмкіндік беретін «аяқ-қолдың 3D моделі бойынша бионикалық протездер жасау» туралы жобасын ұсынды.Қатысушылар және ресейлік ғалымдар өз қызығушылықтарын танытып,ой-пікірлерімен тәжірибе алмасты.

И-214 5В070400″ Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының студенттері Нұртас Мәліков пен Нұрсұлтан Маратов оқулықтар мен иллюстрациялық материалдарға сандық элементтерді қосудың инновациялық моделін әзірлеуді ұсынды. Олар студенттерге көмек ретінде әзірленген мобильді қосымшаларды көрсетті. Жоба тақырыбы-«Толықтырылған шындықты пайдалана отырып, сандық материалдарды құру».Сонымен қатар, «Компьютерлік-интеграцияланған өндірістік жүйелер» секциясында «Информатика және математика» кафедрасының  докторанты Гүлнұр Алханова  «Семантикалық желілер моделі»атты баяндама жасады. Ал докторант Арман Ақанов  «Ғылым, білім және өндірістегі Ақпараттық жүйелер мен технологиялар» секциясында  «Деректерге қол жеткізудің мандат үлгісі» атты баяндама жасады.

Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың жұмыстары конференция дипломдарымен марапатталып, магистрант Мұстафа Марат және  И-214 студенттері Нұртас Мәліков пен Нұрсұлтан Маратов I-ші дәрежелі дипломын алды.Құттықтаймыз!