Жаңалықтар

“Тілдарын” қалалық байқауының жеңімпазын құттықтаймыз!

Опубликовано 19.04.2019.

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында «ТІЛДАРЫН» атты қалалық конкурсын өткізді.  Бұл сайыстың басты мақсаты қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру.

Осы байқауға ҚазГЮИУ филология кафедрасының оқытушысы З. К. Касенова жетекшілік еткен “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығының 3 курс студенттері Байтлеуова Лаура мен Тулепбергенова Арайлым қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Лаура Байтлеуова иеленді. Конкурс жеңімпаздары мен қатысушылары грамоталармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.