Жаңалықтар

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік бастамаларының түсіндірме жұмыстары

Опубликовано 20.04.2019.

2019 жылдың 19 сәуір күні  Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік бастамаларының түсіндірме жұмыстарын жүргізуге Семей қаласына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова бастаған құрамында еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов бар Үкіметтік жұмыс тобы келді.

Жұмыс тобы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде көп балалы аналармен, аз қамтылған отбасылармен, білім беру саласының, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет қызметкерлерімен және азаматтық қоғам мүшелерімен кездесті.

Үкіметтік жұмыс тобына КазГЮИУ Бизнес-инкубаторының жастары ұсынған стартап-жобалары көрсетілді. Университетіміздің информатика және математика кафедрасы денсаулық сақтау министріне денсаулық сақтаудағы инновациялық технологиялар бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын ұсынды. Білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова студент жастармен кездесіп, бірқатар сұрақтарына жауап берді.