Жаңалықтар

Дөңгелек үстел «Жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес заңгерлерді дайындау үшін білім бағдарламаларын жаңғырту»

Опубликовано 29.04.2019.

2019 жылы сәуірдің 25 жұлдызында КазГЮИУ заң факультетінде «Жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес заңгерлерді  дайындау үшін білім бағдарламаларын жаңғырту» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде әлеуметтік әріптестік стратегиясын жүзеге асыру контекстінде заң мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстелге құқық қорғау органдары қызметкерлері, Семей көлік прокуратурасы өкілі, мамандандырылған әкімшілік сот пен кәмелетке толмаған істер бойынша ауданаралық сот өкілдері,  Әділет басқармасы өкілі, Семей қ. Ішкі саясат бөлімі және ШҚО адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.