Жаңалықтар

КазГЮИУ әскери кафедрасында «Арлан» патриоттық жастар жиыны өтті

Опубликовано 30.04.2019.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 2019 жылғы 27 сәуірінде Әскери кафедра базасында Жастар жылына, Жеңіс күніне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 27 жыл толуына арналған әскери-патриоттық «Арлан» жастар жиыны өткізілді.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қаланың 4, 19 және 28 орта мектеп оқушылары саптық дайындық, Калашников автоматын бұзып жинау, белтемірде тартылу, жалпы әскери қорғану киімін кию және әскери эстафета жарысынан жақсы нәтиже көрсетті. Келген жанкүйерлер өз командаларына белсенді қолдау көрсетті. Төрелік кеңесіне біздің кафедраның құрметті қонағы – Ұлы Отан соғысының ардагері П.М. Коломин, КазГЮИУ әскери кафедра басшысы подполковник М.У.Егенбердиев, кафедра басшысының орынбасары запастағы подполковник М.Б. Аубакиров және әскери кафедра оқытушылары қатарынан офицерлер болды. Аталған шаралар қорытындылары бойынша жеңімпаздар жылдың Кубогымен, медальдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Арлан»  әскери-патриоттық  жастар жиыны жыл сайын КазГЮИУ әскери кафедра базасында өтеді. Осындай жастар жиыны Қазақстан  Республикасы Қарулы Күштері мәртебесін өсіреді және өсіп келе жатқан жеткіншектердің әскери мамандықтарға деген  сүйіспеншілігін арттырады.  Жоғарғы сынып оқушылары университет қабырғасында жүріп әскери мамандық алу мүмкіндігіне зор қызығушылық танытты.