ЖаңалықтарҚұттықтаулар

Құттықтаймыз!

Опубликовано 02.05.2019.

КазГЮИУ «Құқықтық сұрақтар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты жөніндегі проректор», заң ғылымдарының докторы Майгүл Хафизқызын шын жүректен мерейтойымен құттықтаймыз! М.Х. Матаева жоғары мектеп аясында 40 жылдан аса еңбек етіп келеді, өзінің ғылыми жолында 140-тан аса монографиялары, оқу құралдары, ғылыми мақалалары, баяндамалары ғылыми баспаларда жарық көрді. М.Х. Матаеваның жетекшілігімен 1 заң ғылымы кандидаты, 4 PhD доктор дайындалды.

Мерей той бұл тәжірибе мен жылдар ғана емес, бұл еңбек пен парасаттылық. Уақытқа тәуелділік етпейтін қасиеттердің бірі ол борыш пен кәсібилік. Осы екі ұғым да Сізге тән қасиет болып табылады. Біздің Сізге деген құрметімізді қабыл алыңыз. Сіздің алар орныңыз бөлек. Мерейтойыңызбен!