Жаңалықтар

КазГЮИУ 20-жылдығы апталық аясында «Жастар арасында жемқорлыққа төзімсіздігін қалыптастыру – мемлекеттің және азаматтық қоғамның міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Опубликовано 04.05.2019.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын тиімді түрде жүзеге асыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде жастар арасында жемқорлыққа төзбестік және жемқорлыққа төтеп беру сұрақтары қаралды, себебі бұл сұрақтардың шешімін табу заманауи азаматтық қоғамның басымдық мәселесі. Мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік қызметте, жеке секторда сыбайлас жемқорлықтар мен сыбайлас жемқорлық құбылыстардың алдын алу шаралары талқыланды және ЖОО-да сыбайлас жемқорлықтар мен сыбайлас жемқорлық құбылыстарды ескертудің шаралары әзірленіп  ұсыныстар енгізілді.

Қазіргі таңда жас буынмен жемқорлыққа қарсы тәрбие құбылысы заманауи құқықтық мемлекеттің құндылықтары мен жанаспайды және білімнің қоғамдық дамудағы басты мәселелерімен тығыз байланыстылығы ескеріліп дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары: жоғары оқу орындарындағы (ЖОО) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қағидалары, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күресу, ЖОО-ғы академиялық адалдық, ЖОО-ның сыбайлас жемқорлықпен күресудің заманауи механиздері қарастырылды.

Дөңгелек үстелге шетелдік ғалымдар, КазГЮИУ-дің және қала ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамы, Семей құқық құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Семей қ. судьялары, Семей аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі ауданаралық басқарма қызметкерлері, Семей қ. Әділет басқармасы, Семей қ. Әкімдігінің құқықтық саясат бөлімінің қызметкерлері, Семей қ. адвокаттары қатысты.

Дөңгелек үстел нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірленіп ұсыныстар қабылданды.