ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

КазГЮИУ Ресей мемлекеттік туризм және сервис университетімен (Мәскеу қаласы) “Туризмдағы менеджмент” мамандығы бойынша жаңа бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеп жатыр

Опубликовано 08.05.2019.

КазГЮИУ шетелдік жоғары оқу орындарымен академиялық ынтымақтастықты үнемі кеңейтіп, студенттер мен магистранттарға  семестрлік оқудан немесе тағылымдамадан өтуге ғана емес, сонымен қатар серіктес ЖОО-ның екінші дипломын алуға мүмкіндік береді.

2019 жылдың сәуір айында Ресей мемлекеттік Туризм және сервис университетімен (Мәскеу қ.) біздің жоғары оқу орындары арасында бакалавриаттың бірлескен білім беру бағдарламасын дайындау бойынша ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің студенттерімен келіссөздер жүргізілді.

Бұл бағдарламаны жаңа оқу жылынан бастап іске қосу жоспарлануда.

Бағдарламаға Экономика, Қаржы, Мемлекеттік-муниципалдық басқару, Ақпараттық жүйелер мамандықтарының 1 және 2 курс студенттері қатыса алады. Туризмдегі менеджмент- Ресей тарапының мамандығы.

Қазіргі уақытта туристік сала бүкіл әлемде қарқынды дамып келеді. Қонақ үй бизнесінде жоғары білікті кадрлар, туристік агенттіктердің қызметкерлері мен басқарушылары тұрақты талап етіледі. Осы фактіні назарға ала отырып, КазГЮИУ біздің студенттерге экономикалық факультетте білім алып, Туризмдегі басқару бойынша Мәскеу университетінің қосымша дипломын алуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламада оқу құны жылына 35 000 рубль. Оқу түрі-сырттай-қашықтықтық, бұл біздің студенттер үшін қосымша артықшылықтар береді.

Қосымша ақпарат алу үшін КазГЮИУ Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуға болады.

Ресей мемлекеттік Туризм және сервис университеті (Мәскеу қ.) халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ананьева Татьяна Николаевнамен және филиал директорының орынбасары Ефименко Ирина Гоергиевнамен кездесу.