Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

Опубликовано 08.05.2019.

2019 жылдың 26-28 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында панкратионнан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Республикамыздың барлық облыстарының құрама командалары қатысқан бұл сайысқа ШҚО құрама командасы атынан ҚазИГЗУ қолданбалы биология кафедрасының аға оқытушысы Какимов Құрмет Бахытбекович қатысып, 100 келі салмақ дәрежесі бойынша 3 орынға және сайыстың екінші күні «Элит» бөлімінде 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша 2 орынға ие болды.

Осы жылдың қараша айында Италияның Рим қаласында өтетін әлем чемпионатына Какимов Құрмет Бахытбекович Қазақстан Республикасының құрама командасы атынан қатысады.