Жаңалықтар

Әскери кафедра базасындағы оқу-далалық жиын

Опубликовано 17.05.2019.

Семей қалалық Қорғаныс істері Басқармасының оқыу бағдарламасы мен жоспарына сәйкес 2019 жылғы 14 және 17 мамыр аралығында қала мектептерінің 10 сынып оқушылары үшін далалық –оқу жиыны өткізілді. Өздеріңіз білетіндей, ҚазГЮИУ әскери кафедрасы қаламыздағы өскелең жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу орталығы болып табылады. Әскери кафедрада мықты материалдық-техникалық база, білікті оқытушылардың болуының арқасында келесі сабақтар мен  экскурсиялар өткізілді:

– атыс дайындығы (АК-74 автоматын шашып-жинау, оқжатарды толтыру, ату жаттығулары және басқалар);

– тактикалық дайындық;

– кедергілерден өту;

– химиялық, биологиялық  қарудан және радиациядан қорғану;

– саптық және алғашқы көмек көрсету дайындығы.

Оқу-далалық жиын кезінде әскери кафедраға  9 қала мектебінің 184 оқушысы қатысты. Жиын барысында оқушыларға Совет Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетовтың 95 жылдығына арналған фильм көрсетілді. Жасөспірімдер өздерінің қойған сұрақтарына, әскери кафедра оқытушыларынан және мамандарынан толық түрде жауап алып, көп жайтқа қанықты. Жасөспірімдер арасында әскери мамандықтарға қызығушылықтың бар екенін байқаған Әскери кафедра ұжымы, оқушыларды мектеп бітіргеннен кейін білімдерін ҚазГЮИУ-де жалғастырып әскери кафедрада білім алуға шақырды.