Жаңалықтар

Ағылшын тілі курсын аяқтау туралы сертификаттардың салтанатты түрде табысталуы

Опубликовано 21.05.2019.

2019 жылы 17 мамырда көптілді білім беру орталығында ағылшын тілін үйрену курстарын сәтті өтуін растайтын сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді.

Оқыту ҚазГЮИУ білім алушыларын пәндерді ағылшын тілінде тыңдауға дайындауға бағытталған. Күтілетін нәтиже-білім алушылардың шет тілін меңгеру (ағылш.тілі) деңгейлерінің жалпы еуропалық жүйесіне сәйкес Independent User (Threshold and Vantage) деңгейіне дейін жетуі.

Оқу жылы бойы көптілді білім беру орталығында ағылшын тілін үйренумен байланысты төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

  • Интеллектуалды факультетаралық “Қазақстан-бақыт мекені” байқауы»;
  • “Полиглот” лингвистикалық сайысы»;
  • “The role of social media in modern society” дебаты, шетелдік маман аға сарапшы (SES) Питер Штрубенның қатысуымен;
  • Филолог мұғалімдеріне арналған “Шетел тілін оқытудың тиімді әдістері мен технологиялары” атты халықаралық семинар. Семинардың негізгі модераторлары Жаңа Болгар университетінің (София қ., Болгария Республикасы) мамандары PhD, доцент Милка Хаджикотева және PhD, доцент Мария Нейкова болды.
  • Тілдік емес мамандықтардың оқытушыларына арналған “Көптілді білім беру аясында ағылшын тілінде пәндерді оқыту әдістемесі” тақырыбында халықаралық семинар.

Студенттер курстың ұйымдастырылғаны үшін алғыстарын білдірді. Курс тыңдаушыларын сертификаттарымен құттықтаймыз! Оқуда табыс тілейміз!