ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

Хабарландыру

Опубликовано 23.05.2019.

Құрметті студенттер!

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша  Памуккале университетінде (Түркия, Памуккале қ.) 2019-2020 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 5В011900 “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне тегін оқуға сайыс жариялайды.

Қатысушыларға арналған шарттар:

  1. Қатысушы күндізгі бөлімнің 5В011900 “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығы бойынша 3 курс студенты болуы қажет;
  2. Қатысушы академиялық оқу кезеңін толық аяқтауы қажет;

Үміткерлерді іріктеу үшін қажетті көрсеткіштері:

  1. Орташа оқу үлгерімі (GPA кемінде 3,5);
  2. Студенттің ғылыми жетістіктері
  3. Intermediate деңгейінде ағылшын тілі білімін растайтын сертификаттар (IELTS, TOEFL)

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы  бойынша оқуға қажетті құжаттар тізімі:

  1. http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011195#z210 формасы бойынша өтініш;
  2. Жеке куәлік немесе ұлттық паспорт көшірмесі;
  3. Ұсыныс хат;
  4. Алғыс хат, мадақтама, сертификат, диплом көшірмелері;
  5. Ағылшын тілінің деңгейін растайтын сертификат (IELTS,TOEFL,HSK);
  6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086-У формасындағы медициналық анықтама.

 Назар аударыңыз! Жол ақысы және визаны ресімдеу ақысы қатысушылар есебінен!!!

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2019 жылдың 28 мамыр, сағат 17.00 дейін

Толық ақпаратты алу үшін:

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Мәңгілік Ел, 11,Бас ғимарат

4 қабат, 23 кабинет

Байтлеуова Лаура

Тел. +7 (722)2360363(ішкі нөмір 124)

Ұялы тел.+77073083975