ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

КазГЮИУ 2019 жылдың 17-28 маусым аралығында «Еуразиялық ынтымақтастық контекстіндегі халықаралық сауда» тақырыбында өтетін халықаралық жазғы мектепке 10-11 сынып оқушыларын, студенттер мен магистранттарды қатысуға шақырады

Опубликовано 27.05.2019.

КазГЮИУ  2019 жылдың 17-28 маусым аралығында  «Еуразиялық ынтымақтастық контекстіндегі халықаралық сауда» тақырыбында өтетін халықаралық жазғы мектепке 10-11 сынып оқушыларын, студенттер мен магистранттарды қатысуға шақырады.

Біздің оқытушы профессорлар:

Христо Николов Кафтанджиев

Профессор, PhD маркетингтік коммуникация саласының  докторы

Журналистика факультеті, София университеті, Болгария мемлекеті, София қаласы

Христо Кафтанджиев – жарнама, маркетингтік коммуникация және семиотика саласында танымал ғалым.

https://remote.com/christokaftandjiev

Профессор Христо Кафтанджиевтің «Тиімді мәдениетаралық коммуникация» семинарының басты мақсаты коммуникациялық схеманың негізгі элементтеріне байланысты тиімді мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту болып табылады. Семинардың мақсаты – әртүрлі көзқарастардың өрнегі ретінде басқа мәдениеттерге оң көзқараспен Хофштеде теориясы, Холла теориясы негізінде тиімді мәдениетаралық қарым-қатынас туралы тыңдаушылардың түсінігін қалыптастыру. Мифологиялық архитиптерге негізделген әртүрлі мәдениеттердегі қарым-қатынас түрлерін ұсынамыз. Семинардың соңында әдеттегі қарым-қатынас жасаудағы қателіктерді талқылайтын боламыз.

Паскаль Недельчев Желев

PhD, доцент

Ұлттық және әлемдік экономика университеті  

Халықаралық экономика және саясат факультеті

Халықаралық ынтымақтастық жұмыстары жөнінде бас хатшы

Паскаль Желев – Еуропалық экономикалық интеграция тұрғысынан халықаралық экономика және халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы маман.

«Халықаралық сауда» курсының мақсаты: доц. Профессор Желев П.С. студенттерге халықаралық сауданың сипаты, факторлары, саясаты, ережелері, институттары және жаһандық сауда жүйесіндегі қазіргі заманғы үрдістер мен проблемалары туралы білім беру. Бұдан әрі, халықаралық сауданың рөлі және еуразиялық интеграция контексіндегі елдердің экономикалық дамуында сауда стратегиясының түрлері талқыланады.

 

Бағдарлама тілі – ағылшын

Бағдарлама аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталады.

Бағдарламаға қатысу құны – 5000 теңге

 

Қатысу туралы өтініштерді мына мекен-жайға жіберуге болады:

Moldir Mussabayeva m.mussabayeva@mail.ru + 7 777 283 3596

Laura Baytleuova laura180898@mail.ru  +7 707 308 3975

Ernar Baktygazin baktygazin@mail.ru