Жаңалықтар

Хабарландыру!

Опубликовано 28.05.2019.

Мемлекеттік – құқықтық пәндер кафедрасының кеңейтілген отырысында 3 курс докторанты Мырзатаев Нурмухамед Даулеткелдіұлының 6D030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша PhD дәрежесін алуға байланысты алдын ала қорғауы өтеді.

Докторлық диссертацияның тақырыбы: «Жоғары білім саласын құқықтық реттеудің теориялық және тәжірибелік мәселелері»

Ғылыми жетекші: Тастекеев Қ.Қ. – Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті заң факультетінің мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, з.ғ.к.

Шетелдік ғылыми кеңесші: Қырғыз Республикасының Халықаралық университетінің доценті, з.ғ.к., Курманалиева А.А.

Мемлекеттік – құқықтық пәндер кафедрасының кеңейтілген отырысы өтетін уақыты: 28 маусым 2019 жылы, сағат- 10.00; мекен-жайы: Семей қаласы, Абай көшесі 94, № 1 ғимарат, 6 ауд.