Жаңалықтар

КазГЮИУ 7-9 жас аралығындағы бастауыш мектеп оқушыларын ағылшын тілін оқыту бойынша жазғы тілдік мектепке қатысуға шақырады

Опубликовано 29.05.2019.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті 7-9 жас аралығындағы бастауыш мектеп оқушыларын 2019 жылдың 3-26 маусым аралығында ағылшын тілін оқыту бойынша жазғы тілдік мектепке қатысуға шақырады.

Курс бағдарламасына ағылшын тілі грамматикасы, сөйлеу тілі, оқу дағдыларын қалыптастыру сабақтары енгізілген.

Сабақ өткізу кестесі: аптасына 3 рет дүйсенбі, сәрсенбі, жұма. Сабақ уақыты 9.30-дан 12.00-ге дейін.

Бағдарлама тілі-ағылшын.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға курс бағдарламасының өтуі туралы сертификаттар беріледі.

Қатысу құны-12000 теңге.

Бағдарламаға қатысу үшін өтініштер 2019 жылдың 31 мамырына дейін қабылданады.

Топтағы орындар саны шектеулі! (20 адамға дейін)

Қатысуға өтінімдерді мына мекен-жайға жіберу қажет:

Email: laura180898@mail.ru

Қосымша ақпарат алу үшін:

+7073083975 Байтлеуова Лаура Аязбековна,

КазГЮИУ Көптілді білім беру орталығының оқытушысы-филолог