Жаңалықтар

Ағылшын тілін үйрету бойынша жазғы тілдік мектеп

Опубликовано 05.06.2019.

2019 жылдың 3 маусымында КазГЮИУ Көптілді білім беру орталығында ағылшын тілін үйрету бойынша 7-9 жас аралығындағы бастауыш мектеп оқушыларына арналған ағылшын тілін оқыту бойынша жазғы тілдік мектеп ашылды.

Курстын бағдарламасына ағылшын тілінің грамматикасы, сөйлеу және оқу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу сабақтары еңгізілген. Ойын ретінде ұйымдастырылған сабақтар балалардың шығармашылық өнерлерін дамыта отырып, ең пайдалы сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтауға көмектеседі. Барлық балалар жақсы көретін ойындар, өлендер мен мультфильмдер, барлығы да практикалық мақсатпен қолданады. Оқытудың жеке және топтық түрлері қолданылады.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға курс бағдарламасының өтуі туралы сертификаттар беріледі.