Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың халықаралық жастар конкурсы

Опубликовано 13.06.2019.

Ресей Федерациясының Бас прокуратурасының бастамасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың халықаралық жастар конкурсы өткізілуде.

Байқау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан), сондай-ақ БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және ОАР) қатысушы-елдерінің жастарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбына плакаттар мен бейнероликтер форматындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманы дайындау ұсынылады.

Өз жұмыстарында конкурсқа қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі заманғы тетіктерін қоғамның барлық деңгейінде және өмір сүруінің барлық салаларында, сондай-ақ осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңызын көрсетуі қажет.

Жұмыстарды қабылдау конкурстың ресми сайтында www.anticorruption.life(сайтта конкурстың ережесі орналастырылған) ағымдағы жылдың 1 маусымынан1 қазанына дейінгі кезеңде өткізіледі.

Осыған байланысты, жастарды белсенді тартуды қамтамасыз етуді, сондай – ақ жоғарыда көрсетілген конкурсты бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және ресми интернет-ресурстарында кеңінен жариялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуді сұраймыз.