Жаңалықтар

Кәсіпкерлік бойынша халықаралық жазғы мектеп

Опубликовано 26.06.2019.

17-28 маусым аралығында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде Болгария Республикасының жетекші ғалымдарының қатысуымен студенттер, магистранттар үшін кәсіпкерлік бойынша  халықаралық жазғы мектеп өтуде (ағылшын тілінде).

Кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, бизнес ойлауды қалыптастыру, коммуникация негіздерін білу өңірлік экономика үшін бәсекеге қабілетті маман даярлаудың маңызды міндеті болып табылады.

Шетелдік сарапшыларды, ғалымдарды тарту студенттер мен магистранттарға қосымша білім алуға, осы саладағы үздік халықаралық тәжірибені зерделеуге мүмкіндік береді.

“Еуразиялық ынтымақтастық контекстіндегі халықаралық сауда” бойынша дәріс курсын София қаласындағы Ұлттық және әлемдік экономика университетінен профессор Желев Паскаль оқыды.

“Халықаралық сауда” курсының мақсаты қатысушыларға халықаралық сауда табиғаты, факторлары, халықаралық институттар және ағымдағы үрдістер, жаһандық сауда жүйесінде кездесетін проблемалар туралы білім беру болып табылады. Еуразиялық интеграция контекстінде елдердің экономикалық дамуы үшін халықаралық сауданың рөлін және сауда стратегияларының әртүрлі түрлерін зерттеуге үлкен көңіл бөлінді.

23 маусымнан бастап профессор Кафтанджиев Христо (Әулие Климент Охридский атындағы Софиялық университет)  “Тиімді интермәдениеттік коммуникациялар” атты дәріс оқиды . Бұл курстың мақсаты – студенттер мен магистранттарда қарым-қатынастың негізгі элементтеріне байланысты тиімді мәдениетаралық коммуникация дағдыларын қалыптастыру және дамыту.