Жаңалықтар

КазГЮИУ-да кәсіпкерлік бойынша халықаралық жазғы мектеп жұмысының аяқталуы

Опубликовано 11.07.2019.

17-28 шілде аралығында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде Болгария Республикасының жетекші ғалымдарының қатысуымен студенттер, магистранттар үшін кәсіпкерлік бойынша  халықаралық жазғы мектеп өтуде (ағылшын тілінде).

24-28 маусым аралығында Халықаралық жазғы мектеп аясында “Тиімді интермәдениеттік коммуникациялар” атты дәріс курсын Кафтанджиев Христо (Әулие Климент Охридский атындағы София университеті) оқыды.

Семинардың негізгі мақсаты – қарым-қатынас схемасының элементтеріне байланысты тиімді мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамыту және іскерлік мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру. Семинардың басты мақсаты-студенттердің әр түрлі мәдениеттердің құндылықтық бағдарына құрметпен қарауын тәрбиелеу. Әлемдік бизнес пен коммуникацияның даму дәуірінде түрлі қауымдастықтар өкілдерінің коммуникативтік мінез-құлқының ерекшеліктерін білу өте маңызды болып табылады.  Іскерлік әлемде қарым-қатынастың таптырмас құралы жарнама болып табылады. Семинар барысында коммуникацияның аудиовизуалды құралдары арқылы қарым-қатынастың әмбебап схемалары ұсынылды. Семинар соңында қарым-қатынастың типтік қателіктері талқыланды. Сонымен қатар, студенттерге алған білім негізінде қорытынды жасау ұсынылды. Практикалық тапсырма ретінде таңдалған тақырып бойынша бейне-жарнама жасау берілді.