Жаңалықтар

КазГЮИУ жазғы тілдік мектептегі оқудың аяқталуы

Опубликовано 11.07.2019.

2019 жылдың 3-28 маусымы аралығында ҚазГЮИУ Көптілді білім беру орталығында 7-9 жас аралығындағы бастауыш мектеп оқушыларына арналған ағылшын тілін оқыту бойынша жазғы тілдік мектеп аяқталды.

Біздің жазғы бағдарламаның басты мақсаты ағылшын тілін ойын түрінде меңгеру, педагогикалық ойындарды қолдана отырып грамматика бойынша әр түрлі жаттығуларды орындау болды. Мұндай ойындардың негізгі міндеті-еркін және жағымды атмосферада тілдік құзыреттілікті меңгеру және сөздік қорын кеңейту.

Балаларға әр түрлі дамыту жаттығулары, тапсырмалар, соның ішінде музыкалық және спорттық сайыстар ұсынылды.

28 маусымда біздің оқушылар жазғы мектепте оқуды сәтті аяқтап  сертификаттар алды. Біздің ең кішкентай оқушыларымызды құттықтаймыз және оларға ары қарайғы ағылшын тілін меңгеруде сәттілік тілейміз!