Жаңалықтар

ҚазИГЗУ әскери кафедрасы студентерінің далалық жиыны

Опубликовано 12.07.2019.

2019 жылғы 24 маусым және 11 шілде  аралығында Семей қаласындағы Қазақ инновациалық-гуманитарлық заң университеті  әскери кафедрасы студентерімен далалық-оқыту жиыны өткізіліп, сол жиын қорытындысы бойынша студенттер емтихан тапсырып таңдаған әскери мамандықтары бойынша алған білімдерін көрсетіп оны іс жүзінде дәлелдеді.

Өткен екі жыл ішінде студентер аптасына бір күн кафедрада әскери пәндерді оқып білім алған болатын. Алдағы уақытта олар осы білімдерін сынақ кезінде көрсетеді. Бұл кезеңде олар жалпы әскери пәндерден сынақтар тапсырумен қатар, атыс қаруынан оқ атып өз біліктіліктерін дәлелдейді.

Әскери кафедраның «бөлімшелер, бөлімдер мен құрамаларда жердегі артиллерияны ұрыста қолдану» мамандығы бойынша білім алатын екінші курс студентері 2А36 «Гиацинт-Б» тіркемелі пушкасын қолдану арқылы жүргізілген көрсетілім сабағының куәгері болды.

Студенттер дәріс кезінде алған білімдерін далалық жиын кезінде іс жүзінде пайдаланып жетілдірді, алған білімдері олардың әскери бөлімшелерді басқарып қызмет етуіне өз септігін тигізеді. Осы мақсатта студентер тіркемелі пушкамен оқ атудыұйымдастырған«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 28738 әскери бөлімінің офицерлерінің көрсетілім сабағын үлкен қызығушылықпен бақылап олардың әр қимылдарын есте сақтады.