Жаңалықтар

Білім беру гранттарын беру бойынша конкурсқа өтініштер қабылдау басталды.

Опубликовано 16.07.2019.

Құрметті достар! 13 шілде күні білім беру гранттарын беру бойынша конкурсқа өтініштер қабылдау басталғандығы туралы хабарлаймыз.
Өтініштерді қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасатын болады.

Білім беру гранттарын беру бойынша өткізілетін конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өтініштерді қабылдау биыл алғаш рет электронды түрде өткізілетін болады. ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы тиісті бағдарламалық жасақтаманы әзірлеп отыр, ол өз кезегінде Ұлттық білім беру деректер базасымен (ҰБДҚ) және басқа да ақпарат көздерімен өзара іс-қимыл арқылы дұрыс емес мәліметтерді енгізуге жол бермеуге және процесті автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Білім беру гранттарын беру бойынша конкурс 21-31 шілде аралығында өтеді.
Абитуриент еліміздегі 117 жоғары оқу орнында орналасқан қабылдау комиссиясына сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетілген мерзім аралығында келіп, құжаттарын тапсыра алады.

Абитуриенттердің таңдаған университеттің барлығына баруларының қажеті жоқ: өтініште еліміздің кез-келген қаласында орналасқан кез-келген ЖОО-ны көрсете аласыз (ҚБТУ, МУИТ и «Astana IT University» есепке алмағанда).