Жаңалықтар

Оқу-жаттығу жиынының бағдарламасы толық орындалды

Опубликовано 17.07.2019.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы №384-ші бүйрығымен «Жоғары оқу орындары әскери кафедралары студенттерінің оқу-жаттығу жиындарын  (кәсіби тәжірибелерін) өткізу туралы» және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Қорғаныс министрінің  2019 жылғы 26 сәуірдегі №78 бұйрығына сәйкес далалық  жағдайда ұйымдастырылды.

Оқу жиынтығы 2 кезеңмен үйымдастырылды. 1-ші кезең әскери кафедра оқу орнында 10 маусымнан 22 маусым арасында 28738 әскери бөлімнің материалдық базасын пайдалана отырып өткізілді. 2-ші кезең 24 маусымнан 15-ші шілдеге дейін «ШЫҒЫС» әскери аймақтық оку-жаттығу алаңдарында өткізілді.

Оқу-жаттығу жиынынан өтуге 179 студент тартылды:

«Артиллерия бөлімшелерінде, бөлімдерінде, құрамаларында жер үсті артиллериясын жауынгерлік қолдану»-71 студент, «Құрлық әскерлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру»-39 студент, «Прокурорлық жұмыс»-34 студент, «Арнайы насихаттауды ұйымдастыру»-35 студент әскери мамандықтарының дағдыларын тәжірибе жүзінде қалыптастырды.

Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес оқу-жаттығу жиынында ақпараттандыру, кеңес беру және оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы жүргізіліп отырды.

24-25.06.2019 жылы аралығында «Шығыс» ату оқу орталығында студенттер АК-74 автоматынан алғашқы ату жаттығуларын орындады. Курсанттарға алдын-ала «Ату қаруынан атысу курсы» сабағы меңгертіліп, қауіпсіздік шаралары туралы мағлұмат берілді. Студенттер атуды өткізу барысында нысананы көздеуге дағдыланды.

Оқу-жаттығу жиынының әскери қызметі және тәуліктік наряды Жарғы және басшылыққа алынған құжаттар талаптарына сәйкес ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу жиынының жоспары бойынша әскери кафедра студенттерімен «Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Мотоатқыш ротаның қарсыласпен қақтығыспай қорғанысқа өту» тақырыбында, «Жердегі артиллерия құрамалары және бөлімдері мен бөлімшелерін жауынгерлік қолдану» мамандығы бойынша «Артиллерия дивизионының құрамындағы артиллерия батареясының қорғаныстағы қимылы» тақырыбында роталық саптық-тактикалық оқу сабақтарын 28738 әскери бөлім офицерлері құрамының қатысуымен жүргізілді. Оқу барысында жеке құрам қимылдары кезең бойынша және оқу сұрақтары игертіліп, тактикалық және кіріспе тапсырмалар орындалды.

15 шілдеде оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңінде әскери кафедра студенттері бітіру емтихандарын тапсырды

Мемлекеттік емтихандарды тапсырғаннан кейін, оқытушылар құрамы мен қызметкерлер оқу курсы аяқталуын қорытындылады. Онда студенттер әскери кафедра қызметкерлеріне және университеттің басшылығына болашақ кәсіптік қызметтерінде  пайдалы болатын білімдері үшін алғысын білдірді. Қорытындылай келе, әскери кафедра ұжымы ағымдағы жылдағы  тамыз айында өтетін жаңа студенттер құрамын іріктеуді мұқият өткізуді және жаңа оқу жылындағы оқу-материалдық базаны жетілдіріп, сабақ жоспарын жасауды мақсат етіп қойды.