Жаңалықтар

Білім министрлігі магистратураға грантқа түсушілерге кешенді тестілеудің шекті балын төмендетпек.

Опубликовано 18.07.2019.

Магистратураға грантқа түсу үшін кешенді тестілеудің шекті балы төмендетілуі мүмкін. Білім және ғылым министрлігі осындай ұсыныс тастады. Қаулы жобасы талқылау үшін Ашық үкімет порталына жарияланды. Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, болашақ магистранттар конкурсқа қатысу үшін қазақ және орыс тілдерінде оқитын магистратура үшін кешенді тестілеуден 75 балл алу (бұрын 100 балл), ағылшын тіліндегі магистратураға 50 балл (бұрын 60 балл) алу жеткілікті.