Жаңалықтар

«Информатика және математика» кафедрасының Болгария Республикасы София техникалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы

Опубликовано 20.07.2019.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Информатика және математика» кафедрасы бірнеше жыл бойы еуропалық жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынаста. Солардың бірі Болгария Республикасы София техникалық университеті болып табылады.
2018 жылдың 1 – 14 шілде аралығында «Информатика және математика» кафедрасының аға оқытушылары, докторанттары мен магистранттары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында София техникалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Созополь қаласында «Сымсыз желілердің қауіпсіздік қатері мен қауіп төнуі» және «Қазіргі заманғы сымсыз байланыс тораптарының технологиясы мен құрылымы» тақырыптарында семинар өткізілді.
Бургас Еркін университетінің техника ғылымдарының докторы Сименов Станислав Денчевтің «Сымсыз желідегі ақпараттық қауіпсіздік», «Сымсыз компьютерлік желілер» тақырыптарында дәрістері тыңдалды.
Ғылыми тағылымдамадан соң барлық оқытушылар,докторанттар мен магистранттарға сертификаттар тапсырылды.