Жаңалықтар

Біздің күшіміз – бірлікте!

Опубликовано 22.07.2019.

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Шырын Құрманбаеваның демеушілігімен Арыс қаласының 100 мектеп оқушысын 20 шілдеден бастап 30 күнге “Қазығұрт” спорттық сауықтыру лагеріне орналастырды.
Балалар мен жасөспірімдерді, психологиялық қалпына келтіру шаралары қолға алынып, осы демалыс аясында балалар өз денсаулықтарын түзеп, алдағы келе жатқан жаңа оқу жылына жақсы дайындықпен барады деп үміттенеміз.