Жаңалықтар

КазГЮИУ Экономикалық университеттер қауымдастығының (ASECU) құрамына енді

Опубликовано 02.08.2019.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Оңтүстік және Шығыс Еуропа мен Қара теңіз аймағындағы экономикалық Университеттер Қауымдастығының (ASECU) құрамына енді.

ASECU ассоциациясы 1996 жылы құрылды. Қауымдастықтың мақсаттары:

  • оңтүстік және Шығыс Еуропа мен Қара теңіз аймағының экономикалық университеттерінің мүдделерін ілгерілету;
  • қауымдастыққа кіретін елдердің экономика, қоғам, бейбітшілік және мәдени дамуы мақсатымен ғылыми зерттеулер саласында экономикалық университеттер, факультеттер, кафедралар және ғылыми-зерттеу орталықтары арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
  • оқыту бағдарламалары бойынша пікір және тәжірибе алмасу;
  • студенттер мен оқытушылар құрамымен алмасу бағдарламаларын дамыту;
  • халықаралық конференцияларды ұйымдастыру мен қатар халықаралық ғылыми журналдарда жариялау мүмкіндігін ұсыну және т. б.

Осылайша, біздің университеттің ASECU аталған халықаралық қауымдастығына қатысуы университеттің халықаралық ынтымақтастық әлеуетін қосымша арттыруға мүмкіндік береді және біздің студенттерге осы қауымдастық ұйымдастыратын халықаралық бағдарламалар мен іс-шараларға қатысуға жаңа мүмкіндіктер береді.