Жаңалықтар

Білім күніне арналған салтанатты жиын

Опубликовано 02.09.2019.

2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің студенттері Білім Күнін атап өтті.

Білім күні – біздің республикамызда аталып өтетін ең маңызды мерекелердің бірі. Жылдағы дәстүрге сай, мыңдаған студент Бас ғимараттың алдына жиналып, салтанатты түрде Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі КазГЮИУ студенттерінің қатарына қосылады. Мерекелік шараға білім ордасының профессорлық оқуытушылық құрамы мен жаңа қабылданған студенттер және ата-аналары қатысты.
Мерекелік шара университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Жарықбасова Клара Сауыққызының құттықтау сөзімен ашылды. Проректор өзінің құттықтау сөзінде 1- курс студенттеріне сәттілік тілеп, университет қабырғасындағы 4 жылда 3 тілді жетік меңгеруге, шетел тілін жетілдіру үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік оқу орындарында оқып келуге барлық мүмкіндік жасалғанын айтты.
Биылғы оқу жылына бакалавриатқа 1198 студент, магистратураның 9 мамандығы бойынша 63, докторантураның 6 мамандығы бойынша 10 білім алушы қабылданды. 77 білім алушы мемлекеттік білім беру тапсырысының иегері атанса, 24 студент жергілікті билік тағайындаған оқу гранты негізінде білім алатын болды.
Салтанатты шара барысында университет студенттерінің ұйымдастыруымен шағын концерт ұсынылып, жиылған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.