Жаңалықтар

Ректордың құттықтауы!

Опубликовано 03.09.2019.

Құрметті студенттер, құрметті профессорлық-оқытушылық құрамы, құрметті ата-аналар! Баршаларыңызды жаңа оқу жылынын басталуымен құттықтаймын. Құрметті бірінші курс студенттері, сіздердің өмірлеріңіздегі ерекше бір оқиға – жоғарғы оқу орнының студент атануымен шын жүректен құттықтаймын. Алда сіздерді жарқын студенттік шақтар күтіп тұр.
Университет өзінің әлеуетін, ең алдымен, ғылыми және білім беру саласында қарқынды түрде арттыруды жалғастыруда. 5 мыңға жуық білім алушылар, оның ішінде студенттер, магистранттар және докторанттар жаңа оқу жылын бастады. Баршаңызға мықты денсаулық, жаңа бастамалар, тек қана сәттілік тілеймін. Кәсіби және жеке өмірлеріңізде жеңістер мол болсын.