Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ ӨТТІ

Опубликовано 11.09.2019.

Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында 2019 жылдың 10 қыркүйек сағат 11:00-де  бүкіл елімізде (синхронды түрде) «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына (идеясына) арналған латын кірпіне негізделген қазақ әліпбиін қолданып жалпы қазақстандық ашық диктант өткізді.

Осыған орай, КазГЮИУ университетінде Филология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы диктантты  ұйымдастырды.

Диктантты оқытушылар мен студенттер өздері бөлінген аудиторияларда синхронды түрде латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолданып жазды. Диктант тақырыбы «2019 – Жастар жылына» арналды.

Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінде филология ғылымдарының кандидаты Әбікенова Гүлнафис Төкеновна диктантты оқыды.

Гуманитарлық факультетте филология ғылымдарының кандидаты Қабышев Талғат Болатұлы өткізді.

Заң факультетінде филология ғылымдарының кандидаты Тлебалдина Нургуль Казанбаевна өткізді.

Осы диктантқа 2 курстың 158 студенттері қатысты. Үздік жазғандар саны-86, жақсы деген баға алғандар саны-65.