Жаңалықтар

КазГЮИУ заң факультетінің оқытушылары тұтынушылар құқығын қорғау бойынша ақысыз кеңестер беруде

Опубликовано 11.09.2019.

КазГЮИУ заң факультеті азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары Заң клиникасы шеңберінде «Жас заңгерлер достастығы» қоғамдық қорымен бірлесіп Қазақстан Республикасы ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында «Шығыс Қазақстан облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шараларды өткізу» жобасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін тұтынушылар құқығын қорғау бойынша ақысыз кеңестер өткізуде.

Бүгінгі таңда облыстың 60 тұрғыны консультация алды. Жиі қойылатын сұрақтардың қатарында сапасыз тауарларды қайтару және айырбастау, жария оферта ережелерін бұзу, сапасыз қызмет көрсету мәселелері кездеседі.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін тұтынушылар құқығын қорғау бойынша кеңестер келесі мекен-жай бойынша беріледі:

– азаматтарды жеке қабылдауында – Семей қ., Мәңгілік ел, к-сі 11, 28 каб.

– онлайн режимде www.of-smu.kz және Instagram әлеуметтік желісі арқылы – @potrebitelvko