Жаңалықтар

Диструктивті діни ағымдардың жастарға тигізер кері әсері» тақырыбындағы кездесу

Опубликовано 12.09.2019.

2019 жылдың 12-ші қыркүйек күні КазГЮИУ Заң факультетінің студенттерімен «Диструктивті діни ағымдардың жастарға тигізер кері әсері» тақырыбында Семей қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандарымен кездесу өтті.
Заң факультетінде Семей қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ақпараттық түсіндіру маманы Өмірханов Мақсат Ерланұлы және психолог маман Сембаева Арайлым аталған тақырыпта студент жастармен әңгіме өткізді.
Кездесу барысында студенттер діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салды. Орталық мамандары қаламыздағы діни ахуалды тереңірек түсіндіріп, терроризмге қарсы күрес жұмыстары жөнінде әңгімелеп берді.
Кездесуде студенттерге дін саласындағы аймақтық ақпараттар мен түсіндірмелік топтардың қызметін жетілдіру жайында бейнероликтер көрсетілді.