Жаңалықтар

«Студенттер Үйінде» кездесу

Опубликовано 13.09.2019.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Шырын Құрманбаева 2019 жылдың 7 қыркүйегінде «Студенттер Үйінде» жастармен кездесті. Дәстүрлі шара «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылды. Бұл кездесу Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық сұхбат – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауын түсіндіруге арналды.

Жолдауда түлектерді жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінген. Мемлекет басшысы бұл мәселеде университеттердің рөлін атап өтті. Атап айтқанда, оқу орындары студенттердің қабілеттерін анықтауға негізделген мәнсаптық бағдарлау саясатына көшуі керек. Жоғары білім сапасына айрықша назар аударылды, өйткені «Елдің жоғары оқу орындарының тек жартысы ғана түлектерін 60 пайыз жұмыспен қамтамасыз етеді», – делінген Жолдауда.

Біз бар күшімізді білім сапасын арттыруға, жастарды жұмысқа орналастыруға және студенттер мен мектеп оқушыларының кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға бағыттаймыз. Олардың ішінде жастардың бастамаларын дамытуға, бизнесті және жастарға өз ісін ашуға көмектесетін заманауи құралдарды қолдануды үйретуге бағытталған «КазГЮИУ Бизнес Инкубаторын» атап өтуге болады.

Ректор кездесу барысында студенттердің бірқатар сұрақтарына жауап беріп, тұрмыс жағдайымен танысты. Жазғы демалыс кезінде «Студенттер Үйінде» жөндеу жұмыстары жүргізілді, ғимарат жылу маусымына дайындалды, жиһаздар мен жабдықтар жаңартылды. Біздің кампуста жайлы тұруға және сабаққа дайындалуға барлық жағдай жасалған, 500-ге жуық студент тұрады. Олардың көпшілігі «Серпін» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары.