Жаңалықтар

Заң факультетінде студенттік ұйым құрылды

Опубликовано 24.09.2019.

Заң факультетінің деканы Қаражанов М.Д. бұйрығы бойынша Студенттік кеңес және Ғылыми студенттік қауымдастық өз жұмысын бастады. Жаңа құрылған ұйым оқу процесін басқаруға студенттердің құқықтарын қамтамасыз етуге, студенттердің шығармашылық қызметі мен ғылыми потенциалын жандандыруға және факультеттің ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуға бағытталған. Осы аптада Студенттік кеңес және ҒСҚ мүшелерінің сайлауы өтті.
Студенттік кеңестің басшысы болып 2 курс студенті Сагандыков Темирлан тағайындалды. Ғылыми студенттік қауымдастықтың төрағасы болып АҚП кафедрасының аға оқытушысы Асем Рахимова тағайындалды.