Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «6D030100-ҚҰҚЫҚТАНУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС АШЫЛДЫ.

Опубликовано 25.09.2019.

Кеңес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2019 жылғы 2 шілде № 520 «Жоғары оқу орындарында философия (PhD) докторы, бейіні бойынша докторы ғылыми дәреже беру бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер ашу туралы» бұйрығына сәйкес құрылып отыр.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің және басқа да жоғары оқу орындарының докторанттарын, осы мамандық бойынша докторлық диссертацияларды қорғауға шақырады.
Қорғалуға ҚР Білім және ғылым Министрінің 31 наурыздағы 2011 жылғы № 127 ” Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы ” бұйрығына сәйкес толық көлемде докторлық диссертацияларды меңгерген кәсіби докторантураның білім беру бағдарламасының талаптарына сай тұлғалар жіберіледі.
Диссертациялық кеңес 3 жыл мерзімге 2022 жылдың 2-ші шілдесіне дейін жұмыс істейді.