Жаңалықтар

Жастар ғылымы – басты назарда

Опубликовано 27.09.2019.

26 қыркүйек күні Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті гуманитарлық факультетінің студенті, Жанатбек Бөрібай SEMEI телеарнасы эфиріндегі «Сәлем, Семей» таңғы ақпараттық-сауықтық бағдарламасының қонағы болып, университетімізде Жастар жылы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сұхбат берді. Әсіресе, жастар ғылымын дамытуға, студенттер мен магистранттардың ғылыми ізденістеріне қолдау көрсетуге бағытталған шараларға кеңінен тоқталды. Жанатбек өзінің ғылыми жетекшісі – ф.ғ.д. Шынар Ботайқызы Сейітованың жетекшілігімен «Шығыс Қазақстан ономастикастикалық кеңістігі – ұлттық код пен рух жаңғыруының көрінісі» ғылыми жобасының аясында атқарып жүрген ғылыми ізденістері туралы баяндап берді. Аталған жоба ҚазИГЗУ-де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруымен жүзеге асырылуда. Жоба аясында 24 студент, 6 магистрант, 2 докторант өздерінің ғылыми жұмыстарын жүргізіп жатыр.