Жаңалықтар

Заң факультетінің студенттері мәдени іс- шараға қатысты

Опубликовано 03.10.2019.

2019 жылдың 20-25 қыркүйек аралығында Семей қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігі, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен және қазақстан театрлар ассоциациясының ұйымдастыруымен Қазақстан халық артисі,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Өмірзакованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVII Республикалық театр фестивалі өтті. Ж.Аймаутов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драмалық театрының, Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» атты драмасын, Заң факультетінің 1-3 курс студенттері үлкен әсермен тамашалады.