Жаңалықтар

ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ СТУДЕНТЕРІ ОҚЫТУШЫЛАРДЫ ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Опубликовано 04.10.2019.

4 қазан күні ҚазИГЗУ гуманитарлық факультетінде Ұстаздар күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шараны филология кафедрасының оқытушылары – топ кураторлары А.Н. Нурбаева және Д.Н. Искаковамен бірлесе отырып, 1 курс студенттері ұйымдастырды.
Мерекелік салтанатты студенттер Махамбетова Мөлдір мен Ағдарбекова Ардақ жүргізді.
Шара барысынада ф.ғ.д. Сейітова Ш.Б., факультет деканының орынбасары Азатов А.А., филология кафедрасының меңгершісі, ф.ғ.к. Төлебаева Қ.Т. мерекелік құттықтауларын жолдады.
2 курстың Г-219 топ студенті Тәжібаева Гүләзия және 1 курстың КЯ-901 студенті Мұхаметқалиев Жалғас оқытушыларды өздері шығарған жүрекжарды өлең жолдарымен құттықтады.
Сонымен қатар салтанат барысында мерекелік әндер де шырқалды. Ахметқалиева Алтынай, Ғалымқызы Іңкәр, Беделханова Аяулым (Г-323 топ); Жеңісов Әлихан (АЯ-901 топ), Ғалымжан Еркежан (Г-220 топ) және Ерболқызы Арайлы (Г-229 топ) Ұстаздар күніне арналған әндерді орындап, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй мен шаттық сезімін сыйлады.