Жаңалықтар

Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінде түлектерді жұмысқа орналастыруға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Опубликовано 07.10.2019.

2019 жылдың 2 қазанында Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінде түлектерді жұмысқа орналастыруға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
Факультет «Информатика», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер», «Электр энергетикасы», «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Стандарттау, сертификаттау және метрология» «Биотехнология», «Дене шынықтыру және спорт», «Алғашқы әскери дайындық» мамандықтары бойынша оқытады.
Биыл 4 курста 200-ден астам студент білім алуда. “ҚазИГЗУ Ақпарат” орталығының және “ҚазИГЗУ Бизнес-инкубаторы” орталығының басшылары Даурен Жампеисов пен Диас Смағұлов ҚазИГЗУ түлектеріне жұмысқа орналасуға көмек көрсету туралы айтып берді. Электрондық еңбек биржасында www.enbek.kz жастар ағымдағы бос жұмыс орындарымен және жұмысқа орналасу талаптарымен таныса алады. Университет сайтында “Кадрлық резерв” қосымшасы бар, онда студенттер өз түйіндемелерін орналастыра алады.
Кездесу барысында жұмыс тәжірибесін талап етпейтін және диплом алғаннан кейін бірден жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін бос жұмыс орындарын таңдай алуы үшін арнайы іріктелген сайттар туралы айтылды. Егер жас маман өзін жақсы көрсетсе, уақытша жұмыс орнына жұмысқа орналасуға және одан әрі тұрақты жұмыс орнын алуға мүмкіндік беретін “Жастар тәжірибесі” мемлекеттік бағдарламасы туралы да айтылды. Кездесуден кейін көптеген бітірушілердің жұмысқа орналасу көзқарасы қалыптасты.