Жаңалықтар

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

Опубликовано 11.10.2019.

Бүгін КазГЮИУ кітапханасының медиатека залында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша оқытушылардың қатысуымен презентация өтті. Отырыста аударылған 100 кітаптың 47 кітабы талқыға түсті. Шара барысында қазақ тіліне басылып шыққан 47 жаңа кітаптың слайд түріндегі таныстырылымы өтіп, кітапханашылар оқулықтардың авторлары мен негізгі мазмұны жайлы әңгімелеп берді. Презентацияның соңында оқытушылар жоба бойынша өз пікірлерімен бөлісті.