Жаңалықтар

«Білікті , білімді, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау»

Опубликовано 11.10.2019.

10.10.2019 ж. ҚазГЮИУ Заң факультетінің Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ф. Ибрагимова және қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушылары И. Садвакасова, Р. Темиргазин Семей қ. Innovative College-де «Білікті , білімді, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау» тақырыбына семинар өткізді. Семинар Innovative College-нің құқықтану мамандығының 2-3 курс студенттеріне жүргізілді. Семинар барысында студенттерге жалпы ЖОО туралы және КазГЮИУ туралы ақпараттар жеткізілді. Студенттерге таратпа материалдар беріліп, сауалнама жүргізілді. Семинар қорытындысы бойынша бітіруші студенттер арасында КазГЮИУ-не қызығушылық білдіргендерге заң факультетіне экскурсия жоспарланды.