Жаңалықтар

Халықаралық ынтымақтастық

Опубликовано 15.10.2019.

ҚазГЮИУ мен Алтай мемлекеттік университетінің ынтымақтастығы 5 жыл бойы белсенді дамып келеді. Жыл сайын студенттердің, магистранттардың және оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылады. 2019 жылы магистратура мамандықтары бойынша 2 бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды.
Шетелдік оқу орындарында дәріс оқу профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамытудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жыл сайын КазГЮИУ университетіне әр түрлі бағыттар мен мамандықтар бойынша Алтай мемлекеттік университетінің ғалымдары мен оқытушылары шақырылады. 2018 жылы әртүрлі факультеттерден 5 адам шақырылды (Халықаралық экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер институты, тарихи, географиялық, Педагогика және психология). Сонымен қатар, ҚазГЮИУ оқытушылары Алтай мемлекеттік университетінде дәріс оқу үшін шақырылады. Айталық, Е.П.Шустова э.ғ.к., “Банктік менеджмент” пәні бойынша Алтай мемлекеттік университетінің экономикалық факультетінде 2019 ж. қазан айында дәріс оқыды. Сонымен қатар, Алтай мемлекеттік университетінің базасында 2019 жылдың 8 қазанында “білім интернациоландануы: Ресей мен Қазақстан тәжірибесі” атты дөңгелек үстел өтті. ҚазГЮИУ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Е. П. Шустова негізгі баяндама жасады.

;

Академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруға қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.