Жаңалықтар

ҚазГЮИУ-да MBA бағдарламасы бойынша диссертациялық жұмыстарды қорғау

Опубликовано 15.10.2019.

2019 жылдың 10 қазанында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде MBA оқу бағдарламасы бойынша ҚазГЮИУ магистранттары мен докторанттарының диссертация қорғауы алғаш рет өтті. Варненский Менеджмент Университетінде білім алып жатқан 15 адамнан тұратын топқа әр түрлі мамандықта оқитың студенттер, магистранттар, докторанттар қабылданды.
Ректор аппаратының жетекшісі Құрманбаева Жанна Асылханқызы ҚазГЮИУ магистранттар мен докторанттарды құттықтай отырып, бұл өте маңызды жоба екенін атап өтті.
ҚазГЮИУ шетелдік серіктес жоғарға оқу орындарымен бакалавриат пен магистратураның бірнеше бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Жастар арасында ең сұранысқа ие-МВА-іскерлік әкімшілік шебері бағдарламасы болып табылады. Бұл бағдарлама Варнен менеджмент университетімен (Болгария) бірлесіп жүзеге асырылады. Варна Менеджмент Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, MBA бағдарламасының директоры, профессор Веселин Благоев Семей қаласына осы бағдарлама бойынша магистранттар мен докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауына келді. Профессор Благоев MBA оқытудың негізі мақсаты түрлі салаларында білімі бар мамандардың менеджерлер ретінде дамуы, басқару құзыреттілігін арттыру болып табылады, мансаптық сатымен қозғалуы және мемлекет үшін менеджмент және басқару саласында өзін дамытқысы келетін адамдарды дайындау өте маңызды екенін айтты.
Магистранттар мен докторанттардың жұмыстары нарықты маркетингтік зерттеумен және тауарларды жылжытумен байланысты болды. Дипломдық жұмыстарының негізгі міндеті ізденушінің нарықты талдау, белгілі бір проблематиканы анықтау және проблемалық жағдайды шешу үшін қажетті құралдарды пайдалану дағдыларына ие екендігін көрсету. MBA дәрежесі бизнесті басқару саласында жаңа дағдылар мен білім алуды, сондай-ақ мансаптық саты бойынша ілгерілеуге қол жеткізуді жоспарлап отырған адамдарға қажет.
«MBA бағдарламасы біздің қала үшін айтарлықтай жаңа. Біз әрқашан бұл бизнес басқару, әкімшілендіру саласында қосымша кәсіби құзыреттілікке ие болуға мүмкіндік беретін қосымша дәреже екенін айтамыз. “Іскерлік әкімшілік” мамандығы ұйымды, персоналды басқарудың барлық қырлары мен ерекшелігін білетін, ағымдағы процесті адекватты талдай алатын және проблемаларды неғұрлым тиімді шешу бойынша ұсыныстарды әзірлей алатын мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Барлығымыз білеміз, кез келген бизнес субъектісі үнемі өзгеріп отыратын нарықта жұмыс істейді. Бұл өзгерістер тәуекелдерді дер кезінде анықтап, алдын алу шараларын қолдануға мәжбүр етеді,» — деді ҚазГЮИУ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Елена Шустова.
ҚазГЮИУ мен Варненск менеджмент университетінің бірлескен білім беру бағдарламасының ерекшелігі – магистранттар мен докторанттар курс соңында екінші шетелдік диплом алады. ҚазГЮИУ магистранты өз мамандығы бойынша дипломын және Еуропаның үздік бизнес мектептерінің ондығына кіретін Варненский Менеджмент Университетінің MBA бағдарламасы бойынша қосымша дипломын алады