Жаңалықтар

Жаңа оқу құралдарымен таныстыру

Опубликовано 17.10.2019.

«Бизнес және басқару» кафедрасының оқытушылары КазГЮИУ кітапханасының жаңартылған оқу құралдарымен танысуы
2019 жылдың 3 қазанында «Бизнес және басқару» кафедрасының оқытушылары КазГЮИУ кітапханасының медиатека залында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында «Жаңа гуманитарлық білім.Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» презентациясына қатысты. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жаңартылған оқу құралдарымен танысып, кітапхана қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқытушылар оқу үрдісіне керек оқулықтардың тізіміне шолу жасап, «Есеп және аудит», «Қаржы», «Экономика» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларына қажетті оқу құралдарын алды.