Жаңалықтар

«Ақпараттық технологиялардағы,машина жасаудағы және автокөліктегі инновациялар» атты ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Опубликовано 22.10.2019.

2019 жылдың 14-17 қазан аралығында Т. Ф. Горбачев атындағы Кузбас мемлекеттік техникалық университеті, «Ақпараттық технологиялар, машина жасау және автокөлік» институты ұйымдастырған «Ақпараттық технологиялардағы, машина жасаудағы және автокөліктегі инновациялар» атты ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.Конференция қатысушылардың білім деңгейін арттыру, халықаралық тәжірибе алмасу мақсатында, сондай-ақ авторлардың ғылыми жетістіктерін жариялау және бекіту мақсатында өткізілді.
Конференция жұмысына жоғары курс студенттері, магистранттар, докторанттар,аспиранттар,және жас ғалымдар шақырылды.Конференция 3 ғылыми бағыттан тұрады.
Ғылыми конференцияға «Ақпараттық техникалық ғылымдары» кафедрасының докторанты Г.А. Алханова «Семантические сети в образовании» және «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенті Қ.А. Ауелханов «Бот – это будущее» атты баяндамаларын «Ақпараттық технологиялардағы инновациялар» секциясы бойынша ұсынып,жүлделі І орын иегерлері атанды. Сонымен қатар «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1 ші және 4ші курс студенттері Б.Е.Дүйсек және
С.К. Тлеубеков «CRM система как необходимый компонент успешного бизнеса»атты баяндамаларын ұсынып ІІ орын иегерлері атанды және дипломмен марапатталды.Марапаттарыңыз құтты болсын!