Жаңалықтар

Қайырымдылық концерт

Опубликовано 28.10.2019.

24 қазан күні Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық –әлеуметтік мекемесінде «Құрыштан құйған құдірет, қарттарым аман-сау жүрші» атты қайырымдылық шарасы өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – Гуманитарлық факультеттің «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында білім алатын Г-213 тобының студенттері мен топ кураторы Каріпбаева Шынар Тоқтарқызы. Студенттер мекеме тұрғындарына өздері ұйымдастырған концерттік бағдарламаны ұсынды. Ән шырқап, би билеген, музыкалық инструменттерде ойнап, көрермен көңілінен шыға білген студенттерге қарттар шын пейілімен риза болып, алғыстары мен қуаныштарын жасырмады. Мұндай шараны ұйымдастыру Педагогика және психология кафедрасының студенттері үшін ізгі дәстүрге айналып отырғанын да атап өткен жөн. Шараның мақсаты – аға ұрпаққа құрмет көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлау, сонымен қатар қатысушы студенттерді адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу, олардың бойында үлкендерге деген құрмет сезімін ұялату.
Шара соңында медициналық–әлеуметтік мекеменің әкімшілігі Ш.Т.Кәріпбаева мен КазГЮИУ студенттеріне мекеме басшылығының алғыс хаттарын табыстады.