Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен семинар-тренинг

Опубликовано 30.10.2019.

25 қазан күні «Психология ғылымындағы өзекті мәселелер» атты халықаралық оқу-әдістемелік семинар аясында Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Н.К.Акименко мен Г.А.Батинаның ұйымдастыруымен «Гаджеттерге тәуелділік пен компьютерлік ойындарға құмарлық – жастар бойындағы аддикцияға апарар жол» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Тренингте мектеп мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналары қатысты. Тренинг қазіргі жасөспірімдер арасында жиі кездесетін проблема – гаджеттерге тәуелділік пен компьютер ойындарын шамадан тыс пайдалану, әсіресе виртуалды құмар ойындарын ойнау мәселесіне арналды. Тренинг барысында аддиктивті мінез-құлық пен гаджеттерге тәуелділіктің қалыптасу себептері мен кезеңдері кеңінен талқыланып, ондай проблемалардың алдын алу жолдары қарастырылды.
Тренингке сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің Гуманитарлық факультетінің «Педагогика и психология» мамандығы бойынша білім алушы Г-316 топ студенттері қатысып, «Компьютерлік құмар ойынын соттау» атты сценалық қойылымын тарту етті.
Семинар-тренинг қатысушылардың қызығушылығын оятып, қазіргі балалар мен олардың ата-аналары ұшырасатын проблемалар туралы айту және олардың алдын алу шараларын жан жақты талқылау қаншалықты маңызды екендігін көрсетті.