Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ – ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ АҚПАРАТТЫҚ ХАТ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

Опубликовано 30.10.2019.

Конкурстың мақсаты-студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және оларға қолдау көрсету, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
Конкурсқа қатысуға Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің экономикалық бейіндегі білім беру бағдарламасы бойынша оқитын бакалавр студенттері және магистрлері жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға конкурс туралы ережеде баяндалған талаптарға сәйкес келетін студенттер мен магистранттардың мақалалары, баяндамалары, ғылыми-зерттеу жобалары ұсынылуы мүмкін. Жұмыс электронды нұсқада PDF форматында кез келген 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ұсынылуы тиіс. Реферативтік сипаттағы жұмыстар қарастырылмайды.
Ұсыну шарттары бұзылған жағдайда жұмыс конкурсқа жіберілмеуі мүмкін.
Жұмыстарды конкурсқа қабылдау мерзімі: asema.31.1983@mail.ru электронды мекен-жайына қараша айының 10-нан желтоқсанның 10-на дейін қабылданады.

Конкурстың қорытындысы ҚазГЮИУ-дың сайтына 2019 жылдың 20 желтоқсанында шығарылады.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер
1.1 «Әлеуметтік – экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз ету адам әлеуетін дамыту факторы ретінде» тақырыбындағы студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсы келесі мақсатта өткізіледі:
 елдің тұрақты дамуының неғұрлым перспективалы тәсілдердің біріне, экономикалық өсудегі адами әлеуетке, экономикалық өсудің даму факторы ретіндегі адами әлеуетті бағалаудың негізгі тәсілдеріне зерттеу жүргізу;
 студенттердің ғылыми – зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
 дарынды және талантты студенттерді іріктеу және қолдау;
 Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
1.2.Конкурстық жұмыстар «Әлеуметтік – экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз ету адам әлеуетін дамыту факторы ретінде» тақырыбы бойынша ғылыми идеялардыпайдалануды/әдістерді / тәсілдерді бейнелеуі, талдауы, дамытуы тиіс.
1.3.Конкурсқа экономикалық бейіндегі білім беру бағдарламасының Қазақ инновациялық – гуманитарлық заң университетінің бакалавр студенттері және магистрлері жіберіледі (бір автор немесе авторлар ұжымы қатыса алады).
1.4. Конкурсты ұйымдастыру және өткізуге басшылық ету ақпараттық технологиялар және экономика факультеті деканының бұйрығымен бекітілген ұйымдастыру комитетімен жүзеге асырылады.

2. Жұмыстарды ұсыну және ресімдеу тәртібі
2.1. Конкурсқа осы ақпараттық хаттың 1.2-тармағында баяндалған тақырып бойынша 2018 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде орындалған мақалалар, баяндамалар, ғылыми-зерттеу, дипломдық, курстық жұмыстар мен жобалар ұсынылуы мүмкін.
Басқа тақырып бойынша немесе реферативтік сипаттағы жұмыстар қаралмайды. Барлық конкурстық жұмыстар плагиатқа тексеріледі.
2.2. Конкурстың өткізілуі кезінде конкурстанттар ЖОО-ның студенттері, магистранттары болуы тиіс.
2.3. Электрондық сипаттағы жұмыстар (PDF форматы) asema.31.1983@mail.ru, электронды мекен-жайына жіберілуі тиіс, конкурсқа қабылдау мерзімі: 2019 жылдың 10 қараша – 10 желтоқсан аралығы.
2.4.ЖҰМЫСТЫ ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
o Жұмыстың көлемі 20-40 бет. Шрифты Times New Roman, кегель 12, бір жарым интервал.Жұмыс PDF форматында жіберілуі керек.
o Тақырып қалың әріптермен терілуі тиіс (Times New Roman, кегель14 беттің ортасында. Үшкі тақырыпшалар 12 кегель (қалың).
o жұмыс келесі бөлімдерден тұрады: титулдық бет, кіріспе, негізгі бөлім (теориялық және тәжірибелік бөлімді қамтиды), қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымшалар. Қосымшалар беттердің нөмірленуіне кірмейді.
o Жұмыспен бірге өтінім, сондай-ақ, ғылыми жетекшінің сын-пікірі (PDF форматында, ЖОО мөрімен расталған) қоса беріледі.

Конкурсқа қатысушы өтінімінің нысаны

• Студенттің аты-жөні:___________________
• ЖОО, қаласы_____________________
• Зерттеу тақырыбы__________________
• Ғылыми жеткшісі (аты-жөні, лауазымы, атағы)__________
• e-mail:_______________________
• ұялы телефоны:_____________________

2.5 Жұмыс және ілеспе материалдары (ғылыми жетекшінің сын-пікірі, өтінім) электрондық папкаға жинақталады. Бума автордың ағылшын тіліндегі тегімен аталуы керек.
Құжаттарды ұсыну шарттары бұзылған жағдайда жұмыс конкурсқа жіберілмеуі мүмкін.

3. Жұмыстарды қарау және бағалау тәртібі
3.1 Конкурсқа ұсынылған барлық жұмыстарды сараптау ҚазГЮИУ ректоры бекіткен конкурстық комиссиямен жүргізіледі.
3.2 Конкурстық комиссия жұмыстарды келесі критерийлер бойынша қарайды, талқылайды және бағалайды (қажет болған жағдайда сараптамаға тәуелсіз мамандарды тарта отырып) :
• Конкурс жұмысының байқау тақырыбына сәйкестігі;
• тақырыпты аша білуі, жүйелі тәсіл;
• ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы;
• шығармашылық көзқарасы және бірегейлігі;
• эксперименттің болуы, оны өңдеуі және түсіндіруі;
• мазмұндау стилі мен сауаттылығы.
3.3 Конкурстық комиссия мүшелерінің жұмыстарды бағалау нәтижелері комиссияның барлық мүшелері мен төрағасының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді. Дауыстар саны тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

4. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау тәртібі
4.1 Конкурстық комиссияның шешімі негізінде 1-ші кезеңнің жеңімпаздары конкурстың 2-ші кезеңіне жіберіледі.
4.2 Байқау нәтижелері ҚазГЮИУ сайтында, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
4.3 Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2019 жылдың 20-шы желтоқсанында өтеді.