Жаңалықтар

Авторлық оқулықтар таныстырылымы

Опубликовано 31.10.2019.

29 қазан күні Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің кітапханасында педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Г.К Абдуллинаның оқу-әдістемелік құралдарының таныстырылымы болды. Шараға педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі мен оқытушылары қатысты. Автор жиналғандар назарына бес оқу құралын ұсынды, олар – «Мектепалды балаларының тілін дамыту», «Медициналық психология», «Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы», «Адам психикасы дамуын зерттеудің салыстырмалы-психологиялық аспектілері» және «Зоопсихология». Авторлық оқулықтар кітапхана қорына табысталды. Жақын арада студенттер мен магистранттар және өзге де оқырман қауым аталған оқу құралдарымен кеңінен таныса алады. Шара соңында педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Ғалия Рахметоллақызы Ақманова мен кітапхана меңгерушісі Зауреш Габбасқызы Дубаева сөз сөйлеп, оқу құралдарының маңыздылығы мен уақытылы ұсынылғандығын атап өтті, авторға шығармашылық ізденістер мен ғылыми-педагогикалық қызметіне қажымас қайрат тіледі.

</td>